"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

Тотыдай түрленген Түркістан

1 min read

Өз елінің тау-тасын, ең соңы инесінің сынығын құрметтемеген мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болмақ. Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында киелі де қасиетті жерлерді қастерлеу керектігін айтқан болатын. Осындай мекендерді түлету үшін нақты қандай іс-шаралар өтізу керектігіне де тоқталған еді.

Елбасы тапсырмасына орай, бүгін Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыс орталығында Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту керектігі жөнінде арнайы жиын өткізді.

Басқосуда сөз бастаған аймақ басшысы 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістанның өткенінен аз-кем сыр шертті. Қазақ хандығының астанасы болған бұл мекен бүкіл түркі әлемінің де  рухани-мәдени астанасы бола білгенін жеткізді. Сонымен қатар, аталған тарихи шаһарды Елбасының тапсырмасына сәйкес,  Қазақстанның рухани орталығы бағытында жандандыру жайына тоқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *