18 Окт 2025, Сб

ТЖМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АБЫРОЙ МЕН САБАҚТАСТЫҚ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) – құрылғанына 30 жыл толған айтулы мерейтойын атап өтуде. Осы үш онжылдықта министрлік еліміздегі қауіпсіздіктің сенімді тірегіне айналды. Су тасқыны, өрт, зілзала сынды табиғи және техногендік апаттардың алдын алу мен салдарын жоюда жеке құрамның әрбір қызметкері өз борышын абыроймен атқарып келеді. Олардың жұмысы – күнделікті ерлік, адам өмірін құтқару жолындағы жанкешті еңбек. Осындай қызметті жан-тәнімен сүйіп, адал атқарып жүрген, отбасылық дәстүрді жалғастырушы құтқарушылардың бірі –подполковник Елжан Ережепов.