Түлкібас ауданында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған «Тең қоғам» әлеуметтік орталығының екі бірдей бөлімі жұмыс істейді. Бұл орталықтар – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуетін ашып, қоғаммен тығыз байланыста өмір сүруіне жол ашатын орын. Мұнда тіркелгендердің дені – 18 жастан асқан мүгедектігі бар жандар. Оларға арналған қызметтер күн сайын жетілдіріліп, жүйелі түрде жүзеге асырылуда.