3 Июл 2025, Чт

«ТЕҢ ҚОҒАМ» – ТЕҢ МҮМКІНДІК АЛАҢЫ

Түлкібас аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер аумақтық орталығы – ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған қолайлы әрі қамқорлыққа толы орта. Бүгінгі күні бұл орталыққа 70-тен аса адам тіркеліп, жүйелі түрде қызмет алуда. Ерекшелігі – олардың барлығы да 18 жастан асқан, мүгедектігі бар азаматтар. Бұл орталық – тек медициналық немесе әлеуметтік қызмет көрсету орны емес, бұл – өмірдің жаңа тынысын ашатын мүмкіндік алаңы.