3 Июл 2025, Чт

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ТАБЫСТЫ ӨМІР

Ордабасы ауданында мүгедектігі бар жандар назардан тыс қалмай, нақты қолдауға ие болуда. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жергілікті деңгейде тиімді іске асуы – әр адамның қадірін арттырып, өмір сүруге деген сенімін нығайтты. Тегін сауықтыру демалысы, арнаулы әлеуметтік қызмет, еңбекке тарту – мұның бәрі бір ғана мақсатқа тоғысады. Ол – адамға жағдай жасау, өмірін жеңілдету ғана емес, оның қоғамдағы орнын айқындау.