14 Окт 2025, Вт

ТЕМІРЖОЛ АЙНАЛАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы жалғасын тапты. Бұл жолы экологиялық бастамаға теміржол саласының өкілдері де белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Акция барысында қаланың шеткі шағын аудандарында тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға партия мүшелерімен қатар теміржолшылар, жастар және қала тұрғындары да қатысты.