Түркістан қаласында Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтің 120 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі қарсаңында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында фестивальдің маңызы мен мақсаты туралы сөз қозғалды. Спектакльдердің іріктелу барысы мен қатысушы театрлардың дайындығы таныстырылды.