Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар балаларға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Арнаулы әлеуметтік қызметкерлер әр отбасының жағдайын ескеріп, үйлеріне барып кешенді көмек көрсетеді. Бұл көмектің ауқымы тек тұрмыстық және медициналық қолдаумен шектелмейді – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, қоғам өміріне бейімдеу, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру және ата-аналарға кәсіби кеңес беру сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.