Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына мониторинг жүргізуде. 2025 жылдың 5 айында экспорттық бақылаумен қамтылған көлік құралдарының жалпы саны 99 437 бірлікті құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 89 684 бірлік болған, яғни көлік құралдарының саны 9 753-ке артқан.