ТАРИХИ БЕТБҰРЫСҚА НАҚТЫ ҚАДАМ
1 min read
«Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет». Осы қағиданы ұстана отырып Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Реформаға сәйкес Конституцияның үштен бір бөлігі толығымен жаңарады. Нақтырақ айтқанда, Ата заңның 33 бабына 50-ден астам ауқымды толықтыру енгізіледі. Енді заң жобасының негізгі жаңалықтарына тоқталсақ.