Бүгін Тараз қаласында қоғамдық көлікті жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасын тапты. Қала автопаркі жаңа, заманауи 12 автобуспен толықты. Бұл жаңалық қала тұрғындары үшін қоғамдық көлік қызметін жақсартуда маңызды қадам болмақ.Бұл автобустар ескірген көліктерді алмастырып, қаланың ең сұранысқа ие бағыттарына шығады. Айта кетерлігі, шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты.