12 Май 2025, Пн

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ДЕЙІН АРТТЫ

Тараз қаласында жол жөндеу жобаларының саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге дейін артты. Бұл туралы Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков айтты. Жол жөндеу жұмыстары халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға септігін тигізеді.