М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті Қытайдың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары және компанияларымен әріптестікті нығайтып жатыр. Бірнеше жыл бұрын бірлескен ғылыми жобалармен басталған бұл ынтымақтастық қазір жаңа білім беру бағдарламаларын, технологиялық жаңалықтарды және студенттерге арналған тағылымдамаларды қамтиды.