Тараз шаһары–бүгін Шерхан Мұртаза атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты экологиялық белсенділіктің орталығына айналды. Мұнда өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға бағытталған «Жасыл әлемді бірге жасайық!» атты ауқымды акция өтті.Аталмыш шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, жас көшеттерді отырғызу арқылы қоршаған ортаны аялаудың әрбір азамат үшін маңыздылығын жеткізді.