Бүгін, қала күніне орай Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінде «Тараз дауысы-2025» атты әншілер байқауы өтті. Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты – өңірдегі жас таланттарды тауып, оларды үлкен сахнаға шығару, орындаушылық шеберліктерін арттыру және облыс әншілерінің қатарын жаңа дарынды буынмен толықтыру болды.