15 Окт 2025, Ср

ТАРАЗ АВТОПАРКІ ЖАҢА АВТОБУСТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Таразда «Автобусный парк–2020» көлік компаниясы сатып алған Yutong маркалы жаңа автобустарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі қатысып, жылжымалы құрамды жаңарту қалалық көлік инфрақұрылымын дамытудағы және жолаушылар тасымалының сапасын арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.