М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Бүгінгі журналистика: сын-қатерлер, трендтер, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл» атты семинар өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аймақтың жетекші жоғары оқу орнымен бірлесіп ұйымдастырды. Семинардың мақсаты – Жамбыл облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыру болды.