21 Июл 2025, Пн

ТАРАЗДА ӨТКЕН КЕҢ АУҚЫМДЫ ЖАТТЫҒУ: ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАР КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӘРЕКЕТ ЕТУ ТӘРТІБІН ЖЕТІЛДІРДІ

Бүгін таңертең сағат 09:30-да ауада дабыл сиреналары мен арнайы техниканың үні естілді. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ірі көлемдегі өрт-тактикалық жаттығу өткізді.