Тараз қаласында Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараттарын даярлау және қолдану жөніндегі Оқу орталығының офицерлері (эф-пи-ви) FPV-дрондармен жұмыс істеу бойынша қарқынды оқыту курсынан өтті. Сабақтарды қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің еншілес кәсіпорны «Казинжиниринг» холдингінің «R and D» компаниясының өкілдері жүргізді.