8 Май 2025, Чт

ТАРАЗДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Бүгін Тараз қаласында ерекше мағынаға толы маңызды іс-шара өтті. «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ» залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен қазақ халқының даңқты ұлы, Кеңес Одағының Батыры, қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «80 жылдық Ұлы Жеңіс және Батыр Бауыржан» атты жиын ұйымдастырылды.