31 Май 2025, Сб

ТАРАЗДА «ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҮЙІ» КРЕАТИВТІ ХАБТЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Таразда өңірдің креативті индустриясын дамыту үшін маңызды оқиға — «қолөнершілер үйі» креативті хабының ресми ашылуы өтті. «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өткізілген іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі»Жолдауында көрсетілген креативті секторды қолдаудың мемлекеттік саясатын іске асырудың жарқын үлгісі болды.