Бүгін Тараз қаласында талантты суретші Александр Скибаның жеке көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – шебердің екінші жеке көрмесі. Алғашқысы Жуалы ауданында өтіп, көпшіліктің оң бағасын алған болатын. Шығармашылық Александр Скибаны бала кезінен бастап жетеледі. Мектеп жасында оның суреттері ерекше шеберлігімен көзге түсіп, қатарластарының арасынан үздік деп танылатын.