Қазақстанда тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Бұл мереке – кәсіби спортшылардан бастап сала ардагерлері мен белсенді өмір салтын ұстанатын азаматтарды біріктіретін күн. Салауатты өмір салтын насихаттайтын атаулы күн қарсаңында Тараз қаласында салтанатты жиын өтіп, оған спорт ардагерлері мен жас чемпиондар қатысты.