Тараз қаласында 9-14 мамыр аралығында тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен ҚР VII спартакиадасы өтуде. Спартакиаданың негізгі мақсаты – пара пауэрлифтинг спортын дамытуға серпін беріп қана қоймай, дарынды спортшыларды анықтап, олардың халықаралық аренада ел намысын қорғауына мүмкіндік жасау болды. Ауқымды спорттық шараға еліміздің 20 өңірінен 186 спортшы қатысуда. Оның ішінде 152 спортшы – тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар болса, 34-і – көру қабілеті шектеулі спортшылар.