11 Июн 2025, Ср 11:43:57 AM

ТАРАЗДА МӘДЕНИЕТ ПЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінде азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» өңірлік кеңесінің отырысы өтті. Маңызды шараға «AMANAT» партиясының облыстық филиалының басшылығы, кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен Талас және Шу аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Жиын өңірдің мәдени мұрасын сақтау және дамыту мәселелеріне арналды.