29 Май 2025, Чт

ТАРАЗДА МОТОАТҚЫШ САРБАЗДАР ОТАН АЛДЫНДАҒЫ АНТЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Тараз қаласының  Жеңіс саябағында көктемгі шақырылым бойынша мерзімді әскери қызметке алынған сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригаданың 245 жас жауынгері Отанға адал болуға ант берді. Әрбір әскери қызметші үшін бұл күн – ерекше. Өйткені дәл осы күні жас сарбаздар ресми түрде ел қорғаны болу жолында алғашқы қадам жасайды.