Бүгін елде– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтілді. Тараз шаһарында бұл мереке назардан тыс қалмай жоғары деңгейде аталып өтті. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағында «Ұлттық рәміздер – ұлттың мақтанышы!» Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Елдің егемендігі мен бірлігін дәріптейтін бұл маңызды шараға арнайы аймақ басшысы ат басын бұрды.