16 Авг 2025, Сб

ТАРАЗДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Таразда денсаулық сақтау саласындағы өзекті құқықтық мәселелерге арналған семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесті медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіптік одағы — «QazMed» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.Іс-шараға Жамбыл облысындағы медициналық ұйымдардың басшылары, сала ардагерлері мен құқықтық қорғау құрылымдарының өкілдері қатысты.