Полиция қызметкерлерімен аумақты патрульдеу барысында Тараз қаласындағы бірнеше орта мектептің бітіруші түлектерінің оқу жылын аяқтауға арналған іс-шара аясында көлік кортежін ұйымдастырғаны анықталды. Кортеж кезінде түлектер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қоғамдық тәртіпті сақтамай, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген.