15 Июн 2025, Вс

ТАРАЗДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ «АЙБЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНА ҚЫЗУ ДАЙЫНДАЛУДА

Тараз қаласының жоғары сынып оқушылары Ақтөбе қаласында өтетін «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қызу дайындалуда. Маусым айының соңына жоспарланған бұл жиынға еліміздің барлық өңірлерінен үздік жас сарбаздар қатысады. Таразда орналасқан 5-механикаландырылған бригада базасында Оңтүстік өңірлік қолбасшылық атынан бақ сынайтын Тарлан командасының дайындық жұмыстары белсенді жүріп жатыр.