Таразда таңғы сағат 7:30-да жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері күнделікті саптық жиынға жиналды. Бұл рәсім – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы маңызды ұйымдастыру кезеңдерінің бірі болды. Таңғы жиын барысында қызметкерлерге күнделікті жедел жағдай мен алда тұрған міндеттер туралы нұсқаулық берілді.