Бүгін Тараз қаласы үшін айтулы күн. «Ұлы Дала» шағын ауданында заманауи талаптарға сай салынған жаңа кітапхананың есігі айқара ашылды. Бұл – білімнің, руханияттың және мәдениеттің жаңа ошағы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған бұл кітапхана жас ұрпақтың рухани және интеллектуалды дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз.