Бүгін Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта «Аула ойындары-2025» облыстық спорт фестивальінің салтанатты ашылуы рәсімі өтті. Ауқымды шараға Жамбыл облысының барлық өңірлерінен 500-ден астам қатысушы жиналды. Фестиваль Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып, «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен ұласты.
ТАРАЗДА «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» ҰРАНЫМЕН «АУЛА ОЙЫНДАРЫ-2025» ОБЛЫСТЫҚ СПОРТТЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
