Таразда газ бағасына қатысты түсіндіру кеңесі өтті. ҚР Үкіметі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған кеңеске Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек төрағалық етті. Жиын барысында газ бағасының өсу себептері мен салалық реформалар түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамда резонанс тудырған бірқатар шағымдар да айтылды.