Таразда Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды. Мәдениет ошағының лентасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай салтанатты түрде қиылды. Ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және өңір тұрғындары қатысты. Қонақтар мұражайды аралап, тау тұлғаның өмір жолы мен қаһармандық бейнесін, сондай-ақ соғыс жылдарындағы ерлік шежіресін тамашалады.