23 Июн 2025, Пн

ТАРАЗДАҒЫ «АУЫЛ-БЕРЕКЕ» БАЗАРЫНДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін Тараз қаласындағы «Ауыл-Береке» базарының аумағында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулары сәтті аяқталды. Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастырған бұл іс-шараның негізгі мақсаты – нақты өрт жағдайларына дайындықты арттыру. Бұл шара төтенше жағдайлар кезіндегі тиімді әрекет етудің маңыздылығын тағы бір рет көрсетті.