Өңіріміздің Талас ауданы, Майтөбе ауылының баурайында ауылдық клубтар арасында «Ауыл-Club» атты екі күндік Art-тимбилдинг өтті. Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Талас ауданы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.