«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Ақыртас» тарихи кешенінің аумағы тазаланып, абаттандырылды. Сондай — ақ, «Таза Қазақстан-Тарих пен табиғат үйлесімі»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жамбыл облысында тарихи нысандарды қорғау және туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Бұл ауқымды шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлімов те қатысты.