Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіпке бағытталған жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Өткен аптада облыс аумағында 200-ден астам тазалық акциясы өткізіліп, Шардара жағажайы бойынша бірқатар реттеу шаралары қабылданған. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте мәлім болды.