1 Авг 2025, Пт

ТАЗА ЕЛ – ТҰҒЫРЛЫ БОЛАШАҚ: ТАРАЗ ЖАСТАРЫНАН БАСТАУ АЛҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМА

Таразда «Таза ел – тұғырлы болашақ!» атты ауқымды сенбілік жұмыстары өтті. Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған бұл акция тек бір реттік тазалық жұмысы ғана емес, сонымен қатар экологиялық сана мен бірлікті нығайтатын ортақ қадам болды.