16 Окт 2025, Чт

«СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі», – деп атап өткен болатын. Осыған орай бүгін Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің оқу базасында студенттермен «Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.