8 Авг 2025, Пт

САЛАУАТТЫ БАЛА – ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ АЙНАСЫ

Салауатты ұрпақ – салауатты отбасының кепілі. Сау бала – ана құрсағынан бастап медициналық, психологиялық, рухани және әлеуметтік қолдауға ие болған ұрпақ. Мұндай бала отбасында махаббат пен қамқорлықты сезініп өседі. Бұл жағдай отбасындағы сенімділік, өзара сыйластық пен түсіністіктің нығаюына жол ашады.