Сайрам ауданында мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қолдау бір реттік көмектермен шектелмейді. Қазіргі таңда аудандық Мансап орталығы бұл санаттағы азаматтарды қоғамға бейімдеудің тиімді жолдарын ұсынып келеді. Жастар практикасы, қоғамдық жұмыс және арнайы жұмыс орындары – мүгедектігі бар жандардың еңбекке араласуына мүмкіндік беріп отырған нақты бағдарламалар. Бұл бастамалар тек табыс табу құралы емес, олардың өмірге деген сенімін қайта оятып, өз орнын табуына жол ашып отыр.
