РЕФЕРЕНДУМДЫ НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛУДЕ
Референдумға санаулы күндер қалды. Қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Референдумға Республиканың әрбір азаматы өз үлесін қосуға және өз таңдауын жасауға мүдделі. Қазақстан жұртшылығы бүкілхалықтық дауыс беру күнінде белсенділік танытатынына өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова да сенімді.