Кентау қаласының мәдени өмірінде ерекше орын алатын «Рапсодия» би ұжымы — ұлттық және заманауи би өнерін ұштастыра білген шығармашылық ұжым. Бұл ұжым өз ісіне адал, өнерге шын берілген кәсіби бишілер мен талантты жас өнерпаздардан құралған. Ұжымның басты мақсаты — қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттап, әлемдік деңгейде би өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті ұрпақ тәрбиелеу.