Тараз қаласында әлеуметтік маңызы зор іс-шара өтті. Қала әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мен Тараз қалалық прокуратурасының бірлесуімен пробация есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен экологиялық бағыттағы қоғамдық акция ұйымдастырылды. Іс-шараға Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қалалық пробация қызметі, жергілікті атқарушы органдар және ерікті жастар қатысты.