ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бағында болып, өңірдегі ғылыми-экологиялық жобалармен танысты. Президент кеңесшісін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қарсы алып, жергілікті бастамаларға қолдау білдіретінін жеткізді.