10 Сен 2025, Ср

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістанда Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Бұл мақсатта «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы «MIRAS» кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары мен сала мамандары қатысты.