https://www.instagram.com/p/DKP8p4att6S/?igsh=MWVxd3diY3NvMWltcA==
2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды. Іріктеу нәтижесінде үздік 50 кандидат Резерв құрамына енеді.
Іріктеу туралы толық ақпарат бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде өткен жиын барысында айтылды. Жиынға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы, департаменттің жеке құрамы мен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі мен 5 жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді И1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қатысушылар алты бағыттың бірін таңдай алады:
1. Инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда;
2. Ауыл шаруашылығы және экология;
3. Сыртқы саясат және инвестициялар;
4. Экономика және қаржы;
5. Цифрландыру;
6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
📌Жиын барысында іріктеу бойынша толық ақпарат беріліп, жадынама таратылып, қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ
#ВАЖНОЗНАТЬ
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
Дереккөз:Қызылорда облысы полиция департаменті парақшасынан