Қыстың суық күндері пеш жағу кезінде өрттің шығу қаупі артады. Әсіресе пештің қызып кетуі мен бақылаусыз қалдырылуы қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үйлерді аралап, алдын алу жұмыстарын жүргізді.